«Біз бәріміз де еркітіміз», - деді Елжан Біртанов ҚазҰМУ студенттеріне

«Біз бәріміз де еркітіміз», - деді Елжан Біртанов ҚазҰМУ студенттеріне

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің еріктілер ұйымына қатысушыларымен кездесіп, «Еріктілер жылын» ресми ашып берді.

Баршаңызға мәлім, Президент Қасым-Жосарт Тоқаев 2020 жылды "Еріктілер жылы" деп жариялады. 2020 жыл еліміз бойынша игі істер жасайтын уақыт болады деді,- Мемлекет басшысы.

Денсаулық сақтау министрінің пікірінше, медицина саласында ерікті ретінде жақсы іс жасауға мүмкіндік көп.

Ал ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин, әсіресе,  ауыл медицинасына қолдау көрсету қажеттігін айтты.

 "Ауылға барғысы келетін маман өте аз. Медициналық пойыздар ауылдық жерге жеткенде адамдар ұзын-сонар  кезекке тұрады. Бұл шара адам бойындағы  патриоттық  сезімді оятып ғана қоймайды, сонымен қатар, тәжірибеңізді  жетілдіруге мүмкіндік береді. Мәселен, сіз  кіші медициналық қызметкер ретінде көмек көрсете аласыз, жедел жәрдем қызметінің  санитары ретінде де жұмыс істеуге болады. Менің ойымша, бұл оң өзгеріс, жаңа бастаманы барлық университеттер  қолдайды деп үміттенемін", - деді Елжан Біртанов.

 Министр экономиканың өзге  салаларында жалақы әлдеқайда жоғары болғанымен, медициналық мамандықтарға арналған конкустың  жоғары екенін айтты.

Дәрігер деген мамандыққа азаматтардың қызығушылығы ерекше.  Бұл салаға адам ақша табамын деп емес, қиналған жанға көмектесем деп келеді. Сондықтан біз бәріміз де  еркітіміз, - деді министр.

ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин жиналғандарға волонтерлік бастамаға қатысқандары  үшін алғыс білдірді.

 "Мейірімді жүректеріңіз үшін, жандарыңыздың тазалығы үшін алғыс айтамын", - деді ректор.

 БҰҰ мәліметі бойынша, бүкіл әлем бойынша миллиардқа жуық  адам  волонтерлік іс атқарады. Волонтерлық әлемдік ЖІӨ 2,5%  құрайды.

"Жастар жылынан» биыл «Еріктілер жылына» ауыстық. Волонтерлік - бұл жүрекпен атқаратын жұмыс", - деді ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин.