Елордада "Дені сау ұлт" медициналық саммиті аясында "ALTYN SHIPAGER" сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау өтті

Елордада "Дені сау ұлт" медициналық саммиті аясында "ALTYN SHIPAGER" сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау өтті

Елордада "Дені сау ұлт" медициналық саммиті аясында "ALTYN SHIPAGER" сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау өтті

Нұр-Сұлтанда "Дені сау ұлт" ұлттық медициналық саммиті аясында "ALTYN SHIPAGER" ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттаудың дәстүрлі рәсімі өтті, онда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздің үздік медициналық ұйымдарына алтын мүсіншелерді табыс етті.

"Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің үздік медициналық ұйымы" номинациясында Көкшетау қаласының емханасы жеңіске жетті, ол 33 жыл бойы Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының 91 мыңнан астам тұрғыны тіркелген ең ірі емхана.

Еліміздің және қала тұрғындарына 24/7 тәулік бойы шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсететін, елорданың ірі көп бейінді емдеу-диагностикалық мекемелерінің бірі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 2 қалалық көп бейінді ауруханасы қаланың үздік стационары болып танылды.

"Үздік көпбейінді облыстық аурухана" атағының иегері Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасы болды. Бұл өңірдің жетекші клиникасы, оның 27 - клиникалық бөлімшесі, 2 – анестезиология және реаниматология бөлімшесі, 5 - емхана, оның ішінде онкологиялық орталық және параклиникалық бөлімшелері бар.

"ALTYN SHIPAGER" сыйлығының нұсқасы бойынша ең үздік аудандық аурухана болып Қарағанды облысы Абай ауданының Орталық аудандық ауруханасы жарияланды, ол үш рет "Сала көшбасшысы" ұлттық сертификатын алған. 2019 жылы ОАА бірінші санатты тағайындаумен аккредиттеуден өтті.

Үздік жедел медициналық жәрдем станциясы болып Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы атанды, ол 789 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді, оның қызмет көрсету радиусы 180 км. Бұл ретте тәулік сайын станция пультіне 1500-1800 қоңырау келіп түседі, ал желіге 70 бригада шығады. Станция базасында қызметкерлерді үздіксіз оқыту үшін заманауи жаттығу құрылғыларымен Симуляциялық орталық ұйымдастырылған.

Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасы "Үздік облыстық балалар ауруханасы" номинациясын жеңіп алды. Ол 1965 жылы құрылды және 100 төсектік бір хирургиялық блокқа ие болды. Бүгінде аурухананың қуаттылығы Балаларды қорғаудың негізгі бейінді бағыттары бойынша 550-ден астам төсек-орынды құрайды.

Қаланың үздік балалар стационары болып 360 төсек қоры бар Алматы қаласының №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы танылды. 50 жылдан астам тарихында көптеген өзгерістерге ұшырап, №2 БКА жаңа жабдықтармен және жоғары білікті кадрлармен жабдықталған заманауи клиникаға айналды.

2019 жылы Ақтөбе облысында ашылған "Аяла" балаларды оңалту орталығы "Үздік балаларды оңалту орталығы" сыйлығын алды. Орталықта жыл сайын ауыр неврологиялық аурулары бар, оның ішінде БЦП, туа біткен даму кемістігі бар, сондай-ақ ауыр кардиохирургиялық, травматологиялық, нейрохирургиялық операциялардан кейін 2 мыңнан астам бала оңалту емін алады.

"ALTYN SHIPAGER" сыйлығының нұсқасы бойынша ең үздік босандыру ұйымы Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығы болып жарияланды, ол тек өңірдің ғана емес, Қазақстанның да ірі перинаталдық орталықтарының бірі болып табылады. №1 ОПО-ның төсек-орын қоры 300-ді, штат саны 600-ден астам қызметкерді құрайды. Жыл сайын орталықта 10 мыңнан астам жаңа туған нәресте дүниеге келеді. Соңғы екі жылда орталықта бірде-бір ана өлімі тіркелген жоқ.

"Үздік медициналық колледж" сыйлығын 70 жылдан астам өмір сүру тарихы бар облыстың көне орта арнаулы оқу орындарының бірі болып табылатын Павлодар медициналық жоғары колледжі алды. 2021 жылдың мамыр айында колледж Еуразиялық аккредиттеу және білім беру мен денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығының (ECAQA) халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуінен өтті.

"Үздік медициналық жоғары оқу орны" сыйлығының иегері Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті болып танылды, ол өзінің даңқты тарихының 91 жылында Қазақстан мен Орталық Азияда медицина мамандарын даярлау үшін жетекші жоғары оқу орнының белгісін сақтап келеді. 2021-2022 жылдары университет QS World University Ranking әлемдік университеттердің элиталық рейтингінің құрамына кірді.

Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы денсаулық сақтаудың ең үздік ғылыми ұйымы болып танылды, оның өмір сүру тарихы шамамен 73 жылды құрайды. Ол елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, мониторингтің, профилактиканың ғылыми негіздерін әзірлеумен және енгізумен, ҚР аумағында адамдардың аса қауіпті инфекциялармен жұқтыру қаупін бағалаумен айналысады.

А.Ғиният өз әріптестеріне табыс, ұлт денсаулығын қорғау ісінде ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізуді, мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі.