А.Ғиният: Денсаулық сақтау саласының әрбір жетістігінің артында медицина қызметкерлерінің оразан зор еңбегі бар

А.Ғиният: Денсаулық сақтау саласының әрбір жетістігінің артында медицина қызметкерлерінің оразан зор еңбегі бар

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ұйымдастырған медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Іс-шарада сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы дәрігерлер маңызды миссияны атқаратынын - адамдардың денсаулығына қамқорлық жасайтынын және денсаулық сақтау саласындағы әрбір жетістіктің артында олардың қажырлы еңбегі тұрғанын атап өтті.

"Медицина қызметкерлері күні - сіздердің қызметтеріңіз үшін үлкен алғыс білдіретін күн. Медицина қызметкерлерінің жұмысы өте күрделі және жауапты, олар демалыссыз, мереке күндері де жұмыс істейді. Бүгін біз ең күрделі және маңызды міндеттердің бірі – қолжетімді, сапалы және тиімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету бойынша бірлесіп жұмыс істеудеміз. Біздің салада 78 мыңнан астам дәрігер, 180 мыңнан астам орта медициналық персонал мамандары және 10 мыңнан астам басқа да көмекші, бірақ сала үшін маңызды медициналық ұйымдардың қызметкерлері жұмыс істейді", - деді А.Ғиният.

"Медицинада жұмыс істеудің басты шарттарының бірі - адамдарға деген сүйіспеншілік!  Сондықтан медицинада кездейсоқ адамдар жоқ. Өмірдің қиын және күрделі сәттерінде адамға көмекке келе отырып, біз үлкен жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз! Бұл әсіресе соңғы, төтенше 2 жылда айқын көрінді. Бұл уақыт бүкіл планета үшін қиын болды. Қазақстан да бұдан тыс қалған жоқ. Біздің бүкіл еліміз сынақтарға төтеп берді, ал жауапкершіліктің негізгі бөлігі алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерінің мойнына жүктелді. Олар бірінші болып тәуекелге барып, қауіптерге төтеп берді. Пандемия кезінде ауруханаларда короновирустық инфекциясы бар 500 мың науқас, реанимацияда 50 мыңға жуық ауыр науқас емделді және оларды 30 мыңнан астам медицина қызметкері емдеді", - деп атап өтті ҚР ДСМ басшысы.

"Барлық медицина қызметкерлеріне қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға қосқан баға жетпес үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Жанқиярлық еңбегі, жоғары кәсібилігі, шыдамдылығы мен жанашырлығы үшін алғыс айтамын", - деді министр.