ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау мәселелерін талқылады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ  инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау мәселелерін талқылады

Бүгін жоғары деңгейдегі кездесу өтті, онда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер – Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қазақстандағы Елдік кеңсенің басшысы Кэролайн Кларинвалмен, халықаралық және қазақстандық сарапшылармен Қазақстан Республикасында инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар (МККБИ) әлемнің барлық денсаулық сақтау жүйесі үшін жаһандық проблема болып табылады және халықтың денсаулығына және көмек көрсету жүйесінің сапасы, қауіпсіздігі, тұрақтылығы, ресурстармен қамтамасыз етілу сияқты негізгі сипаттамаларына айтарлықтай теріс әсер етеді.

2020 жылы COVID-19 пандемиясының басталуымен МККБИ мәселесі Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл әлемде де өзекті болды.

"Қазақстанда медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды қадағалаудың тиімді жүйесі бар, ол сонымен қатар ұлттық деңгейде де, медициналық ұйымдар деңгейінде де инфекциялардың профилактикасы мен инфекциялық бақылауды ұйымдастыру бөлігінде жетілдіруді талап етеді", - деп атап өтті өз сөзінде А.Есмағамбетова.

ҚР Бас санитарлық дәрігері COVID-19 пандемиясы кезінде инфекцияны алдын алуды және инфекциялық бақылауды күшейтуге, сондай-ақ төтенше жағдайға ден қоюға, дайындыққа қатысты іске асырылған бірқатар іс-шаралар туралы еске салды.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қазіргі уақытта ДДҰ көмегімен республиканың 4 стационарында Covid-19 пандемиясы кезінде медициналық көмек көрсетуге және микробқа қарсы препараттарды қолдануға байланысты инфекциялардың бір мезгілде таралуын пилоттық зерттеу басталды, олардың екеуі Нұр-Сұлтан қаласында және екеуі Алматы қаласында орналасқан.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі 2022-2027 жылдарға арналған жоспардың жобасы қаралды.
Жоспарда медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға және пациенттердің, медицина қызметкерлері мен келушілердің қауіпсіздігін арттыруға, Қазақстан Республикасында МККБИ-дың таралуы мен микробқа қарсы препараттарға төзімділікті төмендету есебінен адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, сондай-ақ МККБИ туғызған денсаулық сақтау жүйесіне экономикалық жүктемені төмендетуге бағытталған іс-шаралар көзделген.