ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы USHAŞ компаниясының және медициналық жабдықтау агенттігінің басшыларымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы USHAŞ компаниясының және медициналық жабдықтау агенттігінің басшыларымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният USHAŞ Mücahit SARITAŞ Директорлар Кеңесінің Төрағасымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық, қазақстандық дәрігерлерді бірқатар бейіндер бойынша оқыту және т. б. мәселелерді талқылады.
Түрік компаниясы сатып алуды орталықтандыруды ескере отырып, медициналық жабдықты басқаруға жәрдем көрсетуге дайындығын білдірді.

"Бізді медицина кадрларын оқытуға қатысты сіздердің елдеріңіздің тәжірибесі, медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу және технологиялар трансферті бөлігіндегі тәсілдер, сондай - ақ саланы реформалауды қолдау қызықтырды", - деп атап өтті министр.

Ажар Ғиният сондай-ақ түрік медицина және медициналық жабдықтар агенттігінің басшысы Толга Караканмен жаңа дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару жүйесінің сапасы мәселелерін талқылады.

USHAŞ Түркия аумағында да, одан тыс жерлерде де дәрі-дәрмектерді, МБ мен медициналық техниканы сатып алуға және сатуға, сондай-ақ ішкі нарықта қол жетімді емес дәрі-дәрмектерді шетелден жеткізуге құқылы.