Орфандық аурулармен сырқат балаларды емдеуге арналған тегін дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтіледі - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Орфандық аурулармен сырқат балаларды емдеуге арналған тегін дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтіледі - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында 2022 жылы орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттардың тізбесі кеңейтілетінін хабарлады. 

"2022 жылы орфандық аурулармен сырқат балаларды емдеуге арналған дәрілік заттардың тізбесі кеңейтілетін болады", - деп хабарлады Ажар Ғиният.

Осылайша, орфандық аурулар мен оларды емдеуге арналған дәрілік заттар тізбесіне 5 жаңа ауру және 19 жаңа дәрілік препарат енгізілді.

Сонымен қатар, тіркелмеген дәрілік заттарды сатып алу мәселесі де шешімін табуда. Бұған дейін Кодекстің 246-бабына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен қазақстандық ұлттық формулярға енгізілген дәрі-дәрмектер сатып алынуы мүмкін еді, бұл тіркелмеген дәрілік заттарды жергілікті бюджет есебінен сатып алуды шектеді.

Осыған байланысты, Министрлік "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске өзгерістерді пысықтады, осыған сәйкес ҚҰФ-да препараттардың міндетті түрде болуы жөніндегі норма алынып тасталды.