
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ТЖ жарияланған сәттен бастап халыққа үздіксіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша тәулік бойы ақпарат жинайтын жедел штаб ұйымдастырды.
Денсаулық сақтау басқармаларының мәліметінше, ТЖ енгізілген сәттен бастап 2 678 зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде амбулаториялық көмекке жүгінгендер - 1 815 . Қазіргі уақытта 265 адам стационарлық ем алуда, 598 пациент шығарылды.
Төтенше жағдай кезінде медициналық ұйымдарда 175 науқас қайтыс болды.
Тәртіпсіздік барысында денсаулық сақтау объектілеріне (5 стационар, 1 МСАК және Алматы қаласындағы 14 дәріхана) 20 шабуыл жасалды, 7 медицина қызметкері (Алматы қаласында 5, Шымкент қаласында және Алматы облысында - 1) және 4 өңірде 45 жедел медициналық көмек автомашиналары (Алматы қаласында - 31, Шымкент қаласында - 7, Алматы қаласында-5, Жамбыл облысында-2) зардап шекті.
Санитарлық авиацияның көмегімен резервті құру үшін Нұр-Сұлтан қаласынан Республикалық қан орталығына 360 доза қан жеткізілді.
Медициналық ұйымдар дәрілік препараттармен және қан компоненттерімен толық көлемде қамтамасыз етілген.
ҚР ІІМ-мен бірлесіп Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалаларында "СК Фармация" ЖШС-ның дәрілік қоймаларын тәулік бойы күзету қамтамасыз етілді, онда ТМККК және МӘМС шеңберінде пациенттерді емдеуге арналған барлық дәрі-дәрмектер, есірткі және психотроптық заттар сақталады.
Қазіргі уақытта республиканың барлық медициналық ұйымдары штаттық режимде жұмыс істейді, оның ішінде Алматы қаласы бойынша.
Медициналық қызмет көрсету, ауруханаға жатқызу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және негізгі ауруларға байланысты консультациялар мәселелері бойынша 1406 бірыңғай байланыс орталығының жедел желісі жұмыс істейді, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары үшін 1414 телефоны және 8 727 376 56 69 телефон нөмірі бойынша психологиялық қолдау көрсетіледі. Қазір 3900 - ден астам қоңырау түсті, оның ішінде Алматы қаласы бойынша - 740.