Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен және елорда әкімі Алтай Көлгіновтің, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың және ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетованың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың таралуына қарсы іс-қимыл бойынша кеңес өтті.
"Соңғы тәулікте ҚР-да КВИ+ 10 418 жағдайы және КВИ- 89 жағдайы тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында аурушаңдықтың қарқынды өсуіне байланысты эпидемиологиялық жағдай шиеленісуде. Орташа тәуліктік тіркеу 798 - ден 5548 жағдайға дейін өсті", - деді министр.
Сонымен қатар, соңғы тәулікте зертхана растаған 5 548 жағдай тіркелген, репродуктивті сан – 3-ке жуық.
Бұдан басқа, қала тұрғындарының жедел медициналық жәрдем станциясына жүгінулері 57,5% - ға артты.
Министр эпидемияға қарсы іс-шаралар мен денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдарды жедел түзету үшін эпидемиологиялық жағдайды болжау бойынша талдау жұмысын жүргізуді тапсырды.
Мекеме басшысы жағдайды тұрақтандыру үшін алғашқы мамандандырылған медициналық-санитарлық көмек деңгейінде тәулік бойғы жұмысты қамтамасыз етуді; мобильді бригадалармен қатар халыққа медициналық көмекті учаскелік желімен қамтамасыз етуді; ересек халықты, жүкті әйелдер мен балаларды бөлек қабылдаудың қосымша сүзгі-кабинеттерін ашуды ұсынды; келу шыңы сағаттарында МСАК ұйымдарында пациенттер легінің бөлінуін ерекше бақылауға алу; Call-орталықтар мен ахуалдық орталықтардың жұмысын күшейтуді ұсынды.
Ахуалдық орталықтар үйде емделіп жатқан науқастарға кеңес беру және олардың жай-күйін мониторингтеу үшін қоңырау шалуды тұрақты негізде жүзеге асыруы қажет.
Өз кезегінде Ажар Ғиният атап өткендей, стационарлық деңгейде бейінді мамандардың консультациялық көмек ұйымдастырумен КВИ-мен ауыратын ауыр науқастарға күн сайын мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету қажет.
Сондай-ақ, осы деңгейде резервтік дәрігерлер мен медбикелер кадрларының тізімі мен жұмыс кестесін дайындау қажет; халықты КВИ-ге қарсы вакцинация және ревакцинациялау үшін тиісті шаралар қабылдау қажет, ал мониторинг топтары шектеу шараларының орындалуын бақылауды күшейтуі керек.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуіне қарсы іс-қимылдың бірден-бір пәрменді шарасы ретінде халықты вакцинациялау мен ревакцинациялаудың рөлін ерекше атап өтті.
Мониторингке сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде стационарлық және амбулаториялық деңгейлерде де дәрі-дәрмек қоры бар.
Бірыңғай дистрибьютор 2022 жылғы 18 қаңтарда АЛО шеңберінде дәрілік заттарды жөнелтуді жоспарлады.
Министр Нұр-Сұлтан қаласының коммерциялық сегментінде (дәріханаларда) COVID-19 коронавирустық инфекциясын емдеу кезінде қолданылатын дәрілік заттардың болуына мониторинг жүргізуді ұсынды.
Бұдан басқа, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды уақытылы қабылдау мақсатында 1615 медицина қызметкерінен, оның ішінде 390 дәрігерден қосымша резерв құрылды.