Қазақстанда КВИ ауруы 3,1 есеге төмендеді

Қазақстанда КВИ ауруы 3,1 есеге төмендеді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Үкіметінің отырысында елдегі COVID-19 ауруының жағдайы туралы баяндама жасады.

Қазақстанда соңғы айда сырқаттану 3,1 есеге - айына 1265-тен 399 жағдайға дейін, стационарлық және амбулаториялық науқастар саны 1,7 есеге төмендеді. Инфекциялық төсектердің қамтылуы 23% - ды, реанимациялық төсектердің қамтылуы - 20% - ды құрайды», - деп баяндады ҚР ДСМ басшысы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, репродуктивті саны 0,89 құрайды және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендеу байқалады.

Сондай-ақ, ол Үкімет мүшелеріне КВИ-ге қарсы вакцинация науқанының барысы туралы хабарлады.

«1-компонентпен 8,8 млн. астам адам егілді, тиісті ересек тұрғындарды қамту 77,8% құрады, екінші компонентпен 8,3 млн.астам адам егілді, тиісті ересек тұрғындарды қамту 72,9% құрады. ҚР халқы санынан бірінші компонентпен қамту - 47,6%, екінші компонентпен қамту – 43,8% құрады», - деп баяндады Алексей Цой.

Балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді Сomirnaty (Pfizer) вакцинасымен вакцинациялауға қатысты, Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша бүгінгі күні бірінші компонентпен 188 906 адам вакцинацияланды, оның ішінде 150 669 жасөспірім және 38 237 жүкті және бала емізетін әйелдер. Екінші компоненті - 19 386 адам.

Бұл ретте ревакцинацияны ҚР 136 мың азаматы алды.