PFIZER ВАКЦИНАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

PFIZER ВАКЦИНАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Бүгін, 2021 жылғы 10 қарашада, мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша, ДДҰ мақұлдаған Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясын Қазақстанға жеткізу жүзеге асырылды. Бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн.дозасы сатып алынды.

Comirnaty-американдық Pfizer компаниясы мен германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады. Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.

Бірыңғай дистрибьютор келіп түскен вакцинаны ҚР ДСМ СЭБК-нің разнарядкасына сәйкес, жедел тәртіппен еліміздің өңірлеріне жеткізідеді. Алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қол жетімді болады.

Вакцинаны сақтау нұсқаулығын нақты ұстану және жағымсыз салдардың балдырмау үшін вакцинаны жеткізуге және қолдануға дайындық шаралары жүргізілді. Өндіруші ұсынған суық тізбекке қойылатын талаптарға сәйкес ультра төмен температура -60 -90 Со режимінде сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтар сатып алынды.

Сондай-ақ, вакцинаны енгізу үшін қажетті шприцтер қоры сатып алынды. Вакцинацияның тиісті қызметкерлері вакцинамен дұрыс жұмыс істеуге және оны қолдануға үйретілді.

Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген, вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның тиімділігі 95 пайызды құрайды. Бұл АҚШ-та жедел қолдануға рұқсат етілген (Төтенше пайдалану авторизациясы, EUA) аясында қолданыла бастаған алғашқы вакцина.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін келесі вакциналар қолданылды: "QazVac", "Спутник V", "Hayat-Vax", "Соронавак", "Sinopharm".