Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында А. Цой Түркістанда өткен онкологтардың VIII съезіне Кюри институты делегациясының қатысқаны үшін француз тарапына алғысын білдірді.
Министр 2021 жылғы 12 мамырда қабылданған денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы Декларация Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа қосымша серпін бергенін атап өтті. Құжаттың негізгі бағыттары академиялық ұтқырлық және медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық; онкология және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы әріптестік; әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл болып табылады; алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы, сондай-ақ медициналық технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтымақтастық.
«Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау саласындағы перспективалы бағыттар бойынша елдеріміз арасындағы серіктестікті жандандыруға дайын», - деп сендірді А. Цой.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елшіні экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жасау, COVID-19 таралуының алдын алу және денсаулық сақтау жүйесінің сырқаттанушылықты көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан қабылдаған шаралар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, азаматтың эпидемиологиялық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін «Ashyq» мобильді қосымшасын құру және іске қосу, бүгінгі таңда 13 ел мойындаған КВИ-ге қарсы вакцинация паспорты туралы.
«Біз вакцинация паспорттарын басқа елдермен тану мәселесін пысықтап жатырмыз. Осыған байланысты, Қазақстан мен Францияның вакцинацияланған азаматтарының трансшекаралық орын ауыстыруы үшін шектеулерді жою жөніндегі жұмысты жандандыру маңызды деп санаймын. Вакцинация сертификаттарын өзара тану мәселесін қарастыруды ұсынамыз», - деді А.Цой.
Декларацияны іске асырылуын нығайту, сондай-ақ мониторингілеу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы денсаулық сақтау саласында қазақстандық-француздық жұмыс тобын құруды ұсынды. Кездесу соңында А. Цой қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайындығын білдірді