Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен үкіметтік делегация құрамында Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Е.Тоғжанов пен А. Цой «Super Pharm» ЖШС-де болды, онда тәулігіне 60 мың медициналық маска, ал жыл сайын 15 млн бірлік медициналық бұйым шығарады. Сондай-ақ, олар «Амир и Д» ЖШС фармацевтикалық мақсаттағы өндірістік кешенінің жұмысымен танысты, онда жыл сайын коронавирустық инфекцияны, А, В және С гепатиттерін анықтауға 15 миллион экспресс-тест шығару жоспарланып отыр.
Үкімет делегациясы облыстық онкологиялық диспансердің құрылыс алаңында болды. Министрлер кабинетінің мүшелеріне хабарлағандай, нысанды сыртқы әрлеу жұмыстары 95%-ға, ішкі әрлеу жұмыстары 90%-ға аяқталды. Жаңа онкологиялық орталық қатерлі ісіктері бар науқастарды емдеу үшін қажетті заманауи жабдықтармен жарақтандырылатын болады.