
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерін еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады.
Елжан Біртанов құттықтау сөзінде осыдан 27 жыл бұрын біз Мәңгілік Ел болудың бірегей қадамын жасадық. Бүкіл әлемге тәуелсіздігімізді жария еттік. Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен ел тарихында шешуші қадам жасалып, ата-бабамыздың талай ғасыр бойы аңсаған еркіндік пен тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күн мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады – деді».
Сондай-ақ, Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша келесі қызметкерлерді марапаттады.
«Парасат» орденімен, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ректорының кеңесшісі (1992-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі болған) - Василий Николаевич Девятко;
«Құрмет» орденімен «PERSONA» Халықаралық клиникалық репродуктология орталығының директоры - Вячеслав Нотанович Локшин;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен: «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ отоларинголог дәрігері - Ұлбала Маратқызы Әділханова, «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК бас директоры - Бауыржан Сәтжанұлы Байсеркин, Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі – Файзулла Бөкейұлы Бисмилдин, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, ҚР ҰҒА академигі Т.Райсов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессоры – Масығұт Рахымұлы Мыңжанов, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі – Жәмиля Сәкенқызы Нұғманова, «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары – Қуаныш Төлеуұлы Оспанов, «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС кафедра профессоры (1999 – 2001 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болған) – Татьяна Ивановна Слажнева;
«Шапағат» медалімен: «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ мейіргер ісі жөніндегі директоры – Алтын Заурашқызы Жұмабаева, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ мейіргер ісі жөніндегі директоры – Гүлнұр Ементайқызы Нәдірбекова, «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» ШЖҚ РМК пульмонолог дәрігері – Галина Николаевна Сакупова;
Сондай-ақ, «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» атағымен, Есенгелді Өсербайұлы Қуандықов марпатталды.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының Кәсіби және эко-өндірістік патология зертханасының жетекшісі - Шарбану Баттақова, Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі – Гүлзия Қайырбайқызы Бидатова, Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ анестезилогия реаниматология және гипербариялық оксигенацияның бөлімшесінің аға мейіргері - Күншолпан Айтбайқызы Қасенова, Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы - Ирина Николаевна Сорокина марапатталды.