ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ бойынша сырқаттанушылық және өлім-жітім статистикасына түсініктеме берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ бойынша сырқаттанушылық және өлім-жітім статистикасына түсініктеме берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың мамыр айының басында Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы (СЖжРЖА ҰСБ) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен (ҚР ДСМ, ҚР ӘМ, СЖжРЖА ҰСБ) үш дереккөздің деректері негізінде қалыптастырған 2020 жылға арналған КВИ-дан болатын өлім-жітім бойынша түпкілікті ресми деректерді жариялады. Жыл сайын статистикалық жұмыстардың бекітілген жоспарына сәйкес өткен жыл бойынша аталған рәсім ағымдағы жылдың сәуір айының соңында аяқталады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 4 айында және соңғы тәулікте КВИ-ден сырқаттанушылық және өлім-жітім бойынша Министрліктің жедел деректері жеке көрсетілді.

Сонымен қатар, ДДҰ КВИ-ді тіркеудің алғашқы күндерінен бастап ағымдағы күнге дейін тіркелген жағдайлардың саны бойынша статистикалық деректерді жариялауды ұсынады.
Осыған байланысты, Министрлік 2020 жылғы 13 наурыздан бастап өсу бойынша сырқаттанушылық және өлім-жітім көрсеткіштерін көрсете отырып және 2020 жылғы КВИ өлім-жітімі бойынша түпкілікті деректерді ескере отырып, ҚР ДСМ ресми ресурсында КВИ сырқаттанушылық және өлім-жітім бойынша ақпаратты ұсынудың бұрынғы форматына оралды.

Анықтама: СЖжРЖА ҰСБ деректері бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша КВИ-ден қайтыс болғандар саны 4 729 адамды құрады, оның ішінде«+» КВИ-ден - 1 783, «-» КВИ-ден - 2 946.

Министрліктің жедел деректері бойынша 2021 жылғы 4 айда және 2021 жылғы мамырдың 20 күнінде КВИ-ден қайтыс болғандар саны 2 373 адамды құрады, оның ішінде «+» КВИ-ден - 1 984, «-» КВИ-ден - 389.