ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жекеменшік санаторийлерді МӘМС бойынша постковидті оңалтуға тарту мәселесін қарады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жекеменшік санаторийлерді МӘМС бойынша постковидті оңалтуға тарту мәселесін қарады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирустық инфекцияға шалдыққан адамдарға медициналық көмек көрсетуге жеке санаторийлерді тарту мәселелері бойынша жұмыс семинар-кеңесі өтті.

Кеңес төрайымы, ҚР ДСМ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова атап өткендей, кездесудің мақсаты санаторлық-курорттық ұйымдарға әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметтерін сатып алу тәртібін, сондай-ақ өңірлердің денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселелерін, өңірлердің өңірлік перспективалық жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін түсіндіру болып табылады.

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының инфрақұрылым және инвестициялар орталығының басшысы Айнара Төлеубаева және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры Светлана Пономарева жақын арада санаториялық-курорттық ұйымдарға арналған іс-қимыл жоспарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Бастапқыда әлеуетті жеткізушілердің дерекқоры құрылады. Медициналық ұйым нұсқаулыққа сәйкес www.fms.ecc.kz веб-порталында тіркелуі тиіс, содан кейін оны Дерекқорға қосуға арналған өтінімді электронды форматта жасап және ЭЦҚ көмегімен қол қойып, қарауға жіберіледі. Барлық талаптарға сәйкес болған жағдайда ұйым Дерекқорға қосылады және ол медициналық көмекті сатып алуға қатыса алады.

Оңалту көлемін орналастыру кезінде санаторлық-курорттық ұйымдар сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсетуі керек екендігі айтылды.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармаларына МӘМС жүйесінде медициналық оңалту көрсетуге үміткер өз өңірлерінің санаторлық-курорттық ұйымдарын Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларына (ӨКП) қосу, сондай-ақ МӘМС жүйесінде медициналық оңалту көрсету кезінде олардың проблемаларын шешуге жәрдемдесу міндеті қойылды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз тарапынан МӘМС жүйесінде медициналық оңалту бойынша қызметтер көлемін орналастыру мақсатында ҚР Ұлттық Курорттық қауымдастығымен, санаторлық-курорттық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайтын болады.

Айта кетейік, семинар-кеңес облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК, Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық қауымдастығы, санаторлық-курорттық ұйымдар, туристік нарық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті. Барлығы онлайн-режимде 120-дан астам қатысушы қатысты.

Келесі семинар-кеңес медициналық ақпараттық жүйелерде қызметтерді тіркеу, есепке алу тәртібін түсіндіру бойынша ағымдағы жылдың 14 мамырына тағайындалды.