СҚ-Фармация "Самұрық-Қазына" холдингінің тапсырысы бойынша Hayat-Vax вакцинасының партиясын сатып алды

СҚ-Фармация "Самұрық-Қазына" холдингінің тапсырысы бойынша Hayat-Vax вакцинасының партиясын сатып алды

«СҚ-Фармация» «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұжымын вакцинациялау үшін 1 000 000 доза мөлшерінде коронавирустық инфекцияға қарсы Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) вакцинасының партиясын сатып алды.
"Sinopharm" компаниясы вакцинасының бұл партиясы Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына жөнелтілгеннен кейін бірінші кезекте холдинг контингентінің қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады.

Содан кейін Hayat-Vax вакциналарының қалған саны халық арасында вакцинация алғысы келетіндер үшін қолданылады.
Аталған вакцина келесі кесте бойынша жеткізіледі:
- 2021 жылғы 30 сәуіріне дейін 400 000 доза;
- 2021 жылғы мамыр айында 600 000 доза.

Анықтама: алдын ала толтырылған шприцте немесе құтыда инактивацияланған "Sinopharm" Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинасы, сақтау шарттары +2 - +8 градус. 1 адамға вакцинаның 2 дозасын енгізу ұсынылады, екінші доза бірінші инъекциядан кейін 14 күннен соң жүргізіледі.
Өндірілген аймағы Gulf Pharmaceutical Industries Julphar, БАӘ;

Жеткізуші - «G42 MEDICATIONS TRADING» LLC;
SARS-CoV-2 (Vero Cell) субстанциясы WEB (Wuhan Bio-Institute Biological Products Co. Ltd) және BIBP (Beijing Bio-Institute Biological Products Co.. Ltd) негізінде өндірілген екі өндіріс алаңы да Sinopharm-ге тиесілі.