М. Шоранов ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарын айтты

М. Шоранов ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарын айтты

Еліміздің денсаулық сақтау саласын  дамыту ісіндепациенттердің сұранысына басымдық беріледі, деді ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау министрініңбірінші орынбасары Марат Шоранов.

«Саладағы негізгі өзгерістер векторын анықтауүшінбіз денсаулық сақтау жүйесіндамыту перспективаларын анықтадық, оларденсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етугебағытталады», - деді Марат Шоранов өз баяндамасында.

Жаңа модельде пациенттің сұранысына басымдықберудіжоспарлануда. Денсаулық сақтау жүйесінорнықты дамыту үшін пациенткекөп көңіл бөлінуі тиіс.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы қажетті стандарттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, ең алдымен, пациенттердің қажеттіліктері тұрғысынан қалыптастырылатын болады.

Саланы дамытудың негізгі басым бағыттарының бірі - ауылдық жерлерде бастапқы медициналық көмекті  күшейту.

«Ауылда қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған 13 ауданаралық ауруханаға қосымша 25 ауданаралық аурухана ашылады, сондай-ақ халыққа медициналық қызмет көрсетудің мультипликациялық әсері болады. Нәтижесінде медициналық көмек алатын адам саны 2,5 миллионнан  5,2 млн.  дейін артады деген болжам бар», - деді бірінші вице-министр.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті күшейту үшін мынадай бірқатар шара қабылданады.

Шалғайдағы елді мекендерде жылжымалы медициналық кешенмен қамтылған адам саны жылына 2,6 млн. дейін артады. Ол үшін ауылды жылжымалы медициналық кешендер, зертханалық және аспаптық диагностика, жалпы тексеру және бейінді мамандар, рентген-диагностикамен қамтамасыз етуге аса көңіл бөлінеді.

Министрдің бірінші орынбасары атап өткендей, ауруды ерте диагностикалау мақсатында елтұрғындары жаппай профилактикалық тексеруден өтеді.

Ол емдеу сапасын арттыру үшін, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық ұйымдарды әдіснамалық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда МСАК ұлттық орталығы құрылатынын еске салды.

МСАК деңгейінде бастамаларды іске асыру үшін амбулаториялық-емханалық қызметтерге бөлінетін қаржы сомасы көбейеді:

- медициналық оңалтуға 4 есе;

- амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 40% дейін;

- консультациялық-диагностикалық қызметтерге 22%дейін;

- жоғары технологиялық медициналық қызметтерге, оның ішінде томотерапия мен ЭКҰ-ға 2,6 есе.

Бірінші вице-министр атап өткендей, медициналық-санитарлық алғашқыкөмекті қолжетімді етубасты назарда. Ол үшін 2025 жылға дейін 137 ауылдық елді мекенді қоса алғанда, 487-ден астам МСАК объектісін салу және ашу көзделген.