Денсаулық сақтау жүйесіндегі басты ресурс-адами әлеует - М. Шоранов

Денсаулық сақтау жүйесіндегі басты ресурс-адами әлеует - М. Шоранов

Ауылды дәрігерлермен қамтамасыз ету деңгейі 2022 жылға қарай 84,2%  жетеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да журналистермен кездесуде Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов хабарлады.

Медициналық ұйымдарды білікті кадр тарту үшін ауылдық жерлерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақы қарастырылған. Оның көлемі 70-тен 100 АЕК-ке дейін, 204 190 теңгеден 291 700 теңгеге өседі.

Сонымен қатар, министрлік 2030 жылға дейін медицина мамандарымен қамтамасыз етуді болжау моделін енгізуді көздеп отыр.

«Медицина қызметкерлерінің біліктілігін халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейге дейін арттыру үшін біз білім беру қызметтерінің құнын қалыптастырудың жаңа әдістемесін, сондай-ақ мемлекеттік білім беру гранттарын 40% енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді М.Шоранов.

Сондай-ақ, медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру, студенттердің стипендиясын 25%, 42 мың теңгеге дейін арттыру, сондай-ақ мейіргерлерді даярлау және жаңа бағдарламалар(PhD) әзірлеп, енгізу жоспарлануда.

Нәтижесінде, ауыл халқын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету деңгейі 2022 жылға қарай 84,2% жетеді, ал 2025 жылға қарай пациенттердің 65%медициналық көмекке көңілі толады. Білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалаудан сәтті өткен резидент түлектердің үлесі 2021 жылы 90%  артады.