А.Ғиният ҚР-дағы коронавируспен күрестің оң нәтижесі жайлы айтты

А.Ғиният ҚР-дағы коронавируспен күрестің оң нәтижесі жайлы айтты

Қазақстан Үкіметі коронавирус инфекциясымен күресу бойынша уақтылы қабылдаған шаралар оң нәтиже берді. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Вице-министр КВИ-мен күресте оң нәтижелерге мүмкіндік берген бірқатар шараны атады.

Осылайша, ел Президентінің тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі өз құзыреті шеңберінде қосымшаинфекциялық төсек-орын қорын құрды, инфекциялық стационарларды медициналық жабдықтармен жарақтандыруды қамтамасыз етті, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың екі айлық қорын құрды, КВИ профилактикасы, диагностика және емдеубойынша оқу вебинарлары өткізілді, сондай-ақ КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасы мен әдістемелік ұсынымдары әзірленді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардың базасында бейінді мамандардың қатысуымен мобильдік бригадалар, Call-орталықтар, консультациялық топтар ұйымдастырылды.

«Өкінішке қарай, орны толмас шығындар да болды. Жалпы алғанда, қабылданған шаралар оң нәтиже беріп, КВИ салдарынан болатын өлім-жітімді 4 есе азайтуға көмектесті. Бүгіндеинфекциялық төсек-орынның 25% ғана науқас бар»,-деді вице-министр.

Сонымен қатар, азаматтарәлі де КВИ-гешалдығуда. Сондықтан А.Ғиният қауіпсіздік шараларын және санитарлық гигиена ережелерін сақтауға шақырды: қолды жиі жуып, арнайы антисептикалық құралдармен сүрту, бөлменіжелдету қажет, бір рет қолданылатын майлық алып жүріңіз және жөтелгенде немесе түшкіргенде әрдайым мұрын мен ауызды жабыңыз, жеке тұрмыстық заттарды пайдаланған дұрыс.

«Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйден шықпаңыз, жұмыстағы басшылықты бойыңызда вирустық инфекцияның белгілері барекенін ескертіңіз, отбасының басқа мүшелерінен оқшаулаңыз, емханаға қоңырау шалыңыз, учаскелік дәрігерге SMS жіберіп, жағдайыңызды хабарлаңыз. Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз! Профилактикалық тексерулерден өтіп, дәрігерлердің ұсынымдарына құлақ асыңыз, - деді А.Ғиният.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен күреспен қоса, басқа аурулардан болатын қайғылы жағдайды азайту үшін шаралар қабылдауда. Мұндпа МСАК ерекше рөл атқарады, бүгінде 7 мыңнан астам медициналық ұйым, оның ішінде 2991 медициналық пункт, 836 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1379 дәрігерлік амбулатория және 2182 емхана қызмет көрсетеді, онда 10 мыңға жуық дәрігер мен 28 мың орта медицина қызметкері, оның ішінде ауылдық жерлерде 47% жұмыс істейді.