А.Цой «Батырлар арамызда жүр!» атты дәрігерлер энциклопедиясының тұсаукесер рәсіміне қатысты

А.Цой «Батырлар  арамызда жүр!»  атты дәрігерлер энциклопедиясының тұсаукесер рәсіміне қатысты

25 ақпанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Батырлар арамызда жүр!» атты дәрігерлер энциклопедиясының тұсаукесері өтті. Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.

“Энциклопедия қарусыз майданда алдыңғы шепке шғып күрескен жауынгер жүрек дәрігерлердің еңбегіне арналған. Бұл біздің халық атынан ақ халаттыларға деген алғысымыздың кішкентай ғана көрінісі”, - деді министр.

“Әлемді әбігерге салған жаһандық қауіп-қатерге қарамастан, медицина қызметкерлері өз кәсібін адал атқарды, өте қиын кезеңде пациенттердің өмірін сақтап қалуға күш салды. Қазақстандық дәрігерлер пандемиямен күреске үлкен үлес қосты және әлі де азаматтарымыздың денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етуде. Олардың ерлігі болашақ ұрпақтың жадында қалатынына сенімдімін. Осы кітаптың беттеріндегі тарих Қазақстан халқын біріктірген құндылықты еске салады”, - деп толықтырды А.Цой.

Министр бүгінде қоғам алдында дәрігерлердің мәртебесін көтеру және медицина мамандығының бұрынғы беделін қайтару сынды маңызды міндет тұрғанын еске салды. Пандемия дәрігер мамандығының рөлін қайта қарауға мәжбүрледі.

“Инфекционист және өзге де дәрігерлер өте қиын жағдайда еңбек етті. Жұмыстың ауырлығына, қажып, шаршағандарына, отбасы мен туыстарын көрмей ауруханада жүргендеріне қарамастан, олар үлкен сынаққа төтеп берді, өмірлеріндегі ең қорқынышты және қауіпті кезекшілікті абыроймен атқарды. Мұның бәрі құрметке, алғысқа лайық”, - деді А.Цой.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қазақстандық медицина қарқынды даму жолына түсіп, бүгінде бұл салада талантты, батыл да білікті ақ халаттылар еңбек етуде.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Батырлар арамызда жүр!” атты дәрігерлерге арналаған кітап әзірленуде. Басылымның мақсаты - медицина қызметкерлеріне құрмет көрсету, сондай-ақ пандемия кезінде “Біз біргеміз!” деген ұранмен азаматтардың денсаулығын қорғауда алдына жан салмаған ақ халаттылардың ерлігін ұлықтау.