М. Шоранов АДБ басшылығымен вакцинопрофилактика бойынша серіктестік орнату мәселесін талқылады

М. Шоранов АДБ басшылығымен вакцинопрофилактика  бойынша серіктестік орнату мәселесін талқылады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Қазақстандағы Азия даму банкінің тұрақты өкілдігінің директоры Нариман Маннапбековпен және Орталық және Батыс Азия елдері бойынша Азия даму банкінің өкілдерімен кездесті.

Жүздесу барысында М.Шоранов Қазақстанда COVID-19  таралуының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, соның ішінде вакцинопрофилактика мәселелері туралы хабардар етті және АДБ-ға денсаулық сақтау жобалары бойынша тиімді ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін, оның ішінде құрамында дәрі-дәрмек пен ҚР аз қамтылған отбасыларын қорғаудың бастапқы медициналық құралдары бар дәрі қобдишаларымен қамтамасыз ету мақсатында COVID-19  қарсы күрес бойынша көрсетілген гранттық көмек үшін алғысын білдірді.

«1 ақпаннан Қазақстан Республикасында халықты жаппай коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау басталды. Бірінші кезекте ол инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық жәрдемнің, сондай-ақ басқа да  медицина қызметкерлерін қамтиды. Кейін вакцина көлемінің жеткіліктілігіне қарай вакцинацияланатын контингентті одан әрі кеңейте отырып, қатарға педагог, күш құрылымдарының қызметкерлері қосылатын болады. Бүгінде халықты коронавирустан  қорғау, яғни КВИ бойынша қалыптасқан жағдайды жеңуге және карантинсіз әдеттегі өмірге оралуға мүмкіндік беретін вакцинациямен қамту өте маңызды», - деді М.Шоранов.

 Н.Маннапбеков АДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің қазіргі қызметі туралы бөлісті.

Кездесу барысында АДБ қызметкерлері вакцинаға қол жеткізуге жәрдемдесудің Азия-Тынық мұхиты тетігін (Asia Pacific Vaccine access Facility, APVAX) таныстырды.

APVAX дамушы мүше елдерге COVID-19 вакциналарын сатып алуға және жеткізуге қолдау көрсететін ресурстар пакеті мен механизмді ұсынады және 2 компоненттен тұрады: жедел әрекет ету компоненті және инвестициялық компонент.

Вакцинаның алдын алу мәселелері бойынша шетелдік серіктестерді ынтымақтастыққа тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын ескере отырып, тараптар эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аталған APVAX тетігіне қатысу мүмкіндігін қарастыруға келісті.