ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕСІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БУЫН ТІНДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕСІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БУЫН ТІНДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ



Қазақстанда зақымдалған шеміршек және сүйек тіндерін қалпына келтіруге арналған жаңа технологиялар әзірленуде. Осындай әзірлемелердің бірі – Ұлттық биотехнология орталығы академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығымен (ҰҒТОО) бірлесіп әзірлеген инъекциялық биокомпозитті гидрогель. Ол зақымдалған аймаққа енгізіліп, тіндердің қалпына келуіне жағдай жасайды. Оның құрамында пациенттің өз мезенхималық дің жасушалары мен өсу факторлары бар.

ҰҒТОО травматолог-ортопеді, дәрігер Меруерт Махметованың әзірлемесі тобық буынының асықты жілік сүйегінің остеохондралды кемістіктерін хирургиялық емдеуде жоғары перспективалылығын көрсетті. «Батпенов оқулары» байқауының қорытындысы бойынша жас ғалымның ғылыми жұмысы бірінші орынға ие болды.

Жас ғалымдар байқауы 10–11 қыркүйекте Астанада өткен және академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының 25 жылдығына орайластырылған «Пәнаралық травматология және ортопедия: диагностикадан оңалтуға дейін» атты XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының шеңберінде  ұйымдастырылды.

Биылғы конференцияға Қазақстан өңірлері мен шетелдерден 850-ден астам қатысушы жиналды. Бағдарламаның шеңберінде 190-нан астам баяндама, бес көрсетілімдік операция және екі сателлиттік симпозиум өткізілді.

Екі күн бойы сараптамалық пікірталастар мен тақырыптық секциялар жұмыс істеді. Жаңа бағыттардың қатарында тізе буынына робот-ассистивті эндопротездеу, күрделі ревизиялық эндопротездеу, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты ортопедиялық қауымдастығының (AРOА) және Қазақстан травматолог-ортопедтер қауымдастығының (KATO) қатысуымен арнайы отырыс болды. Жекелеген секциялар балалар ортопедиясына, вертебрологияға, сүйек ісіктерін емдеуге, физикалық оңалтуға және мейіргер ісінің заманауи аспектілеріне арналды. Сонымен қатар медициналық жабдықтар мен технологиялар көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау саласының мамандарын көп жылғы еңбегі және саланы дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін марапаттады.

«Еңбек ардагері» медалімен Рамазанов Жанатай Көлбайұлы және Гусейнов Вахид Забеир-оглы марапатталды.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Калиев Нұрлан Ислямұлы, Дьяков Сергей Сергеевич, Жанаспаева Анаргүл Идрисқызы, Бекенаева Марзия Ғабдылқаққызы, Айтбагина Наталья Николаевна, Кобешова Жанар Мұратқызы, Ким Лариса Владимировна және Долгиева Тамила Ахметқызы марапатталды.