
Себебі бұл кезеңде баланың иммундық жүйесі әлі толық қалыптасып үлгермейді. Сондықтан нәрестені инфекциядан барынша ерте қорғау маңызды.
Бұл қорғаныс сәби дүниеге келмей тұрып-ақ басталады.
Жүктілік кезінде ана ағзасындағы қорғаныш антиденелері плацента арқылы балаға беріледі. Ал жүкті әйелдің көкжөтелге қарсы вакцина алуы антиденелердің деңгейін арттырып, нәрестені өмірінің ең осал кезеңінде қорғауға мүмкіндік береді.
Алайда анадан берілетін қорғаныс уақытша екенін түсінуіміз керек.
Сондықтан Қазақстанда көкжөтелге қарсы вакцинация 2 айдан бастап жүргізіледі. Баланың Ұлттық егу күнтізбесінде белгіленген барлық екпені уақытында алуы өте маңызды.
Сонымен бірге сәбидің айналасындағы адамдардың да жауапкершілігі жоғары. Инфекция ата-анасынан, аға-әпкелерінен немесе басқа жақын адамдардан жұғуы мүмкін. Ересек адамда көкжөтел ұзаққа созылған жөтел түрінде ғана байқалуы мүмкін, ал кішкентай сәби үшін оның салдары ауыр болуы ықтимал.
Біздің басты міндетіміз – баланы өмірінің алғашқы күндерінен бастап қорғау.
Ананың уақтылы вакцина алуы, баланың күнтізбеге сәйкес егілуі және отбасының жауапкершілігі – сәби денсаулығын қорғаудың ең сенімді жолы.