АСТАНАДА ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ МСАК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

АСТАНАДА ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ МСАК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

2026 жылғы 16–17 маусымда Астанада «Қазақстанның денсаулық сақтау саласы: Заман талабына сәйкес дамудың жаңа мүмкіндіктері. Отбасылық дәрігер тәжірибесіндегі дәлелді медицина» атты халықаралық конференция өтеді.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ұйымдастырады.

Конференция денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетілдіруді, дәлелді медицина қағидаттарын енгізуді және өзара іс-қимылды нығайтуды талқылауға арналған ашық диалог алаңын қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ ұлттық және халықаралық сарапшылар арасында тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстарды нығайту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту көзделген.

Іс-шара аясында МСАК-тың заманауи тәсілдеріне, денсаулық сақтауды цифрландыруға, созылмалы аурулардың алдын алу мен оларды басқаруға, дәрілік қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ отбасылық медицинаны дамытуға арналған тақырыптық секциялар ұйымдастырылады.

Медициналық мейіргерлерге арналған жеке бағдарлама кәсіби құзыреттерді дамытуға, мейіргерлік тәжірибенің сапасын жақсартуға және денсаулық сақтау жүйесіндегі орта буын медицина қызметкерлерінің рөлін кеңейтуге бағытталған секцияларды қамтиды.

Бүгінде денсаулық сақтау жүйесі адам мен отбасы денсаулығына әсер ететін факторларды ескере отырып, кешенді әрбір пациентке бағдарланған сипатқа ие болуда. Мұндай тәсіл ауруларды тиімді емдеумен қатар, олардың алдын алу, өмір сапасын сақтау және халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Конференцияға ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, медициналық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, жалпы практика дәрігерлері, медициналық мейіргерлер, ғылыми қызметкерлер, кәсіби және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен денсаулық сақтау саласының сарапшылары шақырылады.

Конференцияның ресми тілдері: қазақ және орыс тілдері.

Сіздерді конференция қатысушыларының қатарында болуға және нәтижелі ынтымақтастыққа шақырамыз!

Тіркелу үшін сілтеме арқылы өтіңіз: https://forms.gle/WZZ6Hy166v6eGM9J6