
Үлкен үнемдеуге апаратын қарапайымқадамдар. Әрбір адам мен әрбір отбасының күнделіктіәрекеттері жылына мыңдаған литр суды сақтапқалуға қабілетті.
•Тіс тазалағандашүмекті үнемі ағызып қоймай, суды стақанға құйып пайдалану жылына 6300 литр суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
• Ванна қабылдаудың орнына қысқа уақыттықдушты таңдау жыл сайын 15 600 литрге дейін суды сақтауға көмектеседі. Жеміс-жидек пен көкөністі ағынды судыңастында емес, бөлек ыдысқа салып жуу жылына1500 литрге дейін суды үнемдеуді қамтамасызетеді.
• Тұрмыстық техниканы толық жүктеу. Кіржуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды тек толықтолған кезде ғана пайдалану 6 адамнан тұратынотбасы үшін жылына 35 000 литрге дейін суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
• Екі режимді су төгу багын орнату жылына 6000 литрге дейін, ал сенсорлы шүмектерді орнату — 4500 литрге дейін суды үнемдеуге көмектеседі.
Шүмектер мен сантехникалық жабдықтардыжүйелі түрде тексеріп тұру су тұтынуды 10%-ғаазайтуға мүмкіндік береді.
Тіпті кішкентай ғана су ағудың өзі тәулігіне 100 литрге дейін судың шығынболуына әкеп соғуы мүмкін. Әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігі – ел ресурстарын сақтаудың кілті. Суды бүгін үнемдей отырып, біз келесі ұрпақ үшін болашақты сақтаймыз.