ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Таза Қазақстан» бастамасын қолдады: қызметкерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Таза Қазақстан» бастамасын қолдады: қызметкерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасын қолдап, жалпықалалық сенбілікке қатысты. Іс-шараға орталық аппарат пен ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар қоғамдық аумақтарды тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, қалалық ортаны жақсартуға және оның тұрғындар үшін қолайлылығын арттыруға өз үлестерін қосты.

Экологиялық ахуалдың жақсаруы халық денсаулығының жай-күйімен тікелей байланысты. Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды нығайтуға ықпал етеді.

Денсаулық сақтау министрлігі халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған экологиялық акцияларды әрі қарай да қолдап, белсенді қатысатын болады.