
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 2026 жылғы 6–10 сәуір аралығында өтетін «Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясының шеңберінде ТМД Атқарушы комитетінің ресми сайтында «Достастық үні: денсаулық, құқық, әл-ауқат» атты онлайн-сауалнама жүргізілуде. Аталған бастаманың ұйымдастырушысы – ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы.
Онлайн-сауалнама медициналық көмектің қолжетімділігі туралы өзекті ақпаратты жинауға, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары жөніндегі хабардарлық деңгейін анықтауға, сондай-ақ осы құқықтарды қорғау тетіктерінің тиімділігін бағалауға бағытталған.
Сауалнама анонимді, ерікті түрде жүргізіледі және тіркелуді талап етпейді. Сауалнамадан келесі сілтеме арқылы өтуге болады:
https://eccis.org/survey/poll-vote?code=kpch_golos_sng
Сауалнаманың нәтижелері жинақталып, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, азаматтардың құқықтық қорғалуын нығайтуға және Достастық елдерінде тиімді институттарды дамытуға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
ТМД-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын анонимді онлайн-сауалнамаға қатысуға және денсаулыққа құқықты іске асыру үшін қолайлы орта қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырамыз.
QR-код (онлайн-сауалнамаға өту үшін)