
Бүгінгі таңда бұрынғыдан да маңыздысы – ұлт денсаулығы ғылымға, дәлелді медицинаға және кәсіби қауымдастыққа деген сенімнен басталатынын түсіну болып табылады.
Биылғы тақырып «Біртұтас денсаулық» (One Health) қағидатын біріктіреді. Бұл – адам денсаулығы қоршаған ортаның, жануарлар әлемінің және жалпы экожүйенің жағдайымен тікелей байланысты дегенді білдіреді. Тек бірлескен әрі ғылыми негізделген шешімдер ғана заманауи сын-қатерлерге тиімді жауап беруге мүмкіндік береді.
1–7 сәуір аралығында біз ғылыми жетістіктердің, инновациялардың, салауатты әрі жауапты өмір салтының азаматтардың әл-ауқатын қалай жақсартатынын нақты мысалдар арқылы бөлісетін боламыз. Сондай-ақ бұл бастамалардың халық денсаулығын нығайтуға, инфекциялық емес аурулар деңгейін төмендетуге және өскелең ұрпақтың саулығын жақсартуға қалай ықпал ететінін көрсетеміз.
Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы ғылымды дамытуды жүйелі түрде — заманауи технологияларды енгізуден бастап, профилактика мен ерте диагностиканы күшейтуге дейін қолдап келеді.
Біз баршаңызды — медициналық қауымдастықты, ғалымдарды, әріптестерді және азаматтарды — ғылымды қолдауға, медицинаға деген сенімді нығайтуға және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру үшін бірігуге шақырамыз.
Тек бірге ғана біз орнықты денсаулық сақтау жүйесін құрып, әрбір адам үшін салауатты болашақты қамтамасыз ете аламыз.