ҚАЗАҚСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ САУЛЫҒЫ КҮНІНЕ ОРАЙ 60 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ САУЛЫҒЫ КҮНІНЕ ОРАЙ 60 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Қазақстанда Дүниежүзілік ауыз қуысының саулығы күніне орай ауқымды профилактикалық науқан өтуде. Бүгінгі таңда бүкіл ел бойынша 60 мыңнан астам бала мен жасөспірім стоматологиялық аурулардың ерте алдын алу бойынша оқудан өтіп, мамандардың консультациясын алды. 
 
Акция шеңберінде 600-ден астам стоматолог жұмылдырылды, медициналық университеттер, бейіндік қауымдастықтар, мемлекеттік және жеке клиникалар тартыла отырып, 200-ден астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. 
 
Алматыда 12 мыңнан астам бала, СҚО - 11 мыңнан астам, Алматы облысында - 9 мыңға жуық, Павлодар облысында - 6 мыңға жуық, Астанада - 5 мыңнан астам бала қамтылды.
 
ДДҰ стоматологиялық аурулардың 90%-на дейін негізгі гигиенаны сақтау арқылы алдын алуға болады деп есептейді.
 
Балалардың арасында профилактикалық шаралардың күшеюі стоматологиялық аурулардың өсуімен байланысты.  Осылайша, 6 жасар балаларда тісжегінің деңгейі 2016 жылы 74,2%-дан 2024 жылы 86%-ға дейін өсті, 15 жастағы жасөспірімдердің арасында 75%-дан 87%-ға дейін өсті.
 
«Болашақ-сау тіспен» бағдарламасы шеңберінде еліміздің 17 өңірінде 124 стоматологиялық кабинет ашылды. 2028 жылдың соңына дейін 1000 және одан да көп оқушысы бар мектептерде 987 кабинет ашу жоспарлануда.