«Дәрігер болу — жүрек қалауымен таңдалған өмір жолы»

«Дәрігер болу — жүрек қалауымен таңдалған өмір жолы»

Мегаполистегі акушерлік көмек жүйесінде №4 қалалық перзентхана ерекше орын алады. Бұл — күн сайын қабылданатын шешімдер ана мен баланың денсаулығы мен өміріне тікелей әсер ететін мекемелердің бірі. Мұнда 12 жылдық тәжірибесі бар акушер-гинеколог Шара Өнерқызы еңбек етеді. Ол үшін бұл мамандық — саналы түрде таңдалған өмірлік жол.