
Педиатриялық көмекті ұйымдастырудағы өзгерістерді талқылауға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі түсіндіруді қажет деп санайды: бұл педиатриялық учаскелерді қысқарту және жүйені әлсірету туралы емес, балаларды медициналық қолдаудың жаңа кеңейтілген кешенді моделін енгізу туралы.
Баланы кешенді медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету және мамандандырылған көмекті күшейту үшін өткен жылдың маусым айынан бастап тұрғылықты жері бойынша емханаларда 366 педиатриялық бөлімше ашылды.
Педиатриялық бөлімшелерді құру:
туғаннан бастап балалардың денсаулығын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету;
даму бұзылыстарының ерте диагностикасын күшейту;
көпбейінді тәсілді енгізу;
жалпы практика дәрігерлері мен педиатрлардың арасындағы үйлестіруді арттыру;
мамандандырылған көмекті отбасының тұрғылықты жеріне жақындату.
Педиатриялық бөлімшелердің құрамына мыналар кіреді:
педиатрлар кабинеттері;
Даму және ерте араласу орталықтары (ДЕАО), соның ішінде: o патронаждық қызметтің дәрігер-супервайзерінің кабинеті;
o мейіргер кабинеттері;
o баланы дамыту жөніндегі мамандар;
o тамақтану жөніндегі ресурстық орталық;
o Шу оқшаулағышы бар аудиологиялық скрининг кабинеті;
егу кабинеті;
мектеп медицинасы кабинеті.
Жаңа туған нәрестелерге, 3 жасқа дейінгі балаларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерекше назар аударылады.
Даму ерекшеліктері анықталған кезде бала даму және ерте араласу орталығына жіберіледі, онда оны көпбейінді топ: педиатр, патронаттық мейіргер, реабилитолог, логопед, психолог және басқа мамандар алып жүреді.
2025 жылдан бастап МСАК базасында 336 даму және ерте араласу орталығы жұмыс істейді.
Бір жылдың ішінде орталықтарда 72 мыңнан астам балаға консультация берілді, даму бұзылыстарының анықталуы 21,5%-ға артты.
Ата-аналар тек медициналық көмек қана емес, сонымен қатар балаға күтім жасау, тамақтандыру, дамыту және тәрбиелеу бойынша білім алады.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МСАК) қолданыстағы моделінің негізінде отбасылық-бағдарланған тәсіл жатыр.
Отбасы біртұтас жүйе ретінде қарастырылады, ал медициналық қолдау жан-жақты және үздіксіз жүзеге асырылады.
Бұл модельде барлық отбасы мүшелерінің, соның ішінде балалардың денсаулығын бақылауды қамтамасыз ететін жалпы практика дәрігерлері шешуші рөл атқарады.
Денсаулық сақтау министрлігі педиатриялық қызметті нығайту бойынша дәйекті жұмысты жалғастыруда және әрбір балаға білікті медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.