Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бастамашы болған «Донор бол да үміт сыйла» атты ақпан айындағы акцияның шеңберінде шамамен 18 мың азамат ерікті түрде қан доноры болуға ниет білдірді.
2–27 ақпан аралығында республика бойынша:
• 17 990 адам толық қанды тапсырды;
• 1 704 донор тромбоцит донациясын жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына:
• эритроцит құрамы бар компоненттердің 15 901 дозасы;
• плазманың 11 487 дозасы;
• тромбоциттердің 4 347 дозасы берілді.
Дайындалған қан компоненттері хирургиялық араласуларды қажет ететін, онкогематологиялық және гематологиялық аурулары бар пациенттерді емдеуге, сондай-ақ шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуге бағытталды.
Донорлық айын өткізу өтеусіз ерікті донорлық мәдениетін нығайтуға, азаматтардың донацияның әлеуметтік маңызы туралы хабардарлығын арттыруға және елдің медициналық ұйымдарында қан компоненттерінің тұрақты қорын қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам азамат донор атанып, жалпы саны 250 мыңнан астам қан және оның компоненттерін тапсырады. Жыл сайын 80 мыңнан астам пациентке қан құю жүргізіледі. Көпшілігі үшін бұл — сауығудың жалғыз мүмкіндігі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі көрсеткен азаматтық жауапкершілігі, ынтымақтастығы және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін барлық донорларға шынайы алғыс білдіреді.