АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АЛТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АЛТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Атырау облысында 2026 жылдың соңына дейін алты жаңа денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарлануда.

Құрылыс барысын Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов өңірге жұмыс сапары барысында тексерді.

Ведомствоның мәліметінше, жыл соңына дейін енгізілетін нысандардың тізбесіне:
* жаңа онкологиялық диспансер;
* радиологиялық корпус;
* екі қалалық емхана (әрқайсысы бір ауысымда 250 адам қабылдауға арналған);
* жедел медициналық жәрдемнің (ЖМЖ) екі кіші станциясы. ЖМЖ жаңа кіші станциялары жылына 40-50 мың шақыртуға дейін қызмет көрсетуге есептелген және әрқайсысы 20-дан 24-ке дейін жедел жәрдем бригадасын орналастыра алады.

Сонымен қатар, өңірде жаңа ғимараттар салумен облыстық клиникалық аурухананы қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Құрманғазы ауданында аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, қазіргі уақытта бір ауысымда 250 адам қабылдауға арналған аудандық емхананы жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Осы жобаларды іске асырудың мақсаты Атырау облысының тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру болып табылады.