А.Цой Түркиядағы денсаулық сақтау саласына арналған Ғылыми кеңестің 4-ші отырысына қатысты

А.Цой Түркиядағы денсаулық сақтау саласына арналған Ғылыми кеңестің 4-ші отырысына қатысты

Бүгін Ыстамбұлда Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның төрағалығымен Түркияның денсаулық сақтау жөніндегі Ғылыми Кеңесінің төртінші отырысы өтті, жиында Түркі кеңесі елдерінің өкілдері коронавирус инфекциясы пандемиясын,  қазіргі жағдай мен болашақ перспективаларын талқылады.Іс-шараға ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, ТМЫК Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрияның Денсаулық сақтау министрлері және басқалар қатысты.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, 2020 жылғы 10 сәуірде өткен және бірлескен декларацияда бекітілген Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Мемлекет басшылары саммитінің кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша мемлекет басшылары қабылдаған шешімдер Түркі Кеңесі алаңында мемлекеттер арасындағы денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға ықпал етті.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Түркі келешегі – 2040»  бағдарламасына денсаулық сақтау мәселелерін енгізу туралы ұсынысы ел билігі халық денсаулығын қорғауға ерекше назар аударатынынтағы бір рет дәлелдеді. Бұл әсіресе бүкіл әлемдік пандемия кезінде айқын көрінді, оны ДДСҰ қолдауымен, бірлесіп  жеңуге мүмкіндік болады», - деді А.Цой.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, министр Ханс Клюге мырзаға және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына  өте қиын кезеңде көрсеткен әдіснамалық және гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты.Сондай-ақ Түркі кеңесінің Бас хатшысы Әміреев мырзаға және Қазақстан халқына Covid-19-ға қарсы күресте гуманитарлық және практикалық көмек көрсеткен барлық елдерге ризашылығын білдірді.

«Түркі Кеңесі елдері мен өзге де мемлекеттердің инфекцияға қарсы күресте бір-біріне қолдау білдіргенібаға жетпес көмек болды. Коронавирус індеті Кеңес елдерінің ынтымақтастығының бірлігі мен беріктігіне сынақ болды, инфекцияға қарсы күрес  халықаралық бірліктің маңыздылығын көрсетті.Эпидемия пайда болған сәттен бастап біз тығыз байланыстамыз, ақпарат алмасамыз, бірлескен іс-қимылды үйлестіреміз, өзара көмек көрсетеміз», - деді Министр.

Пандемияның алғашқы апталарынан бастап Қазақстан Үкіметі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеуге барлық күш-жігерін жұмсады.Елімізде ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен ведомствоаралық комиссия, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының төрағалығымен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штаб, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан ҚР Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен эпидемиологиялық ахуал жөніндегі сарапшылардан тұратын Республикалық штаб құрылды. Бұдан басқа, ҚР Үкіметі республикада КВИ пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асырды.

Қазақстанда да Мемлекеттік шекарада  санэпид бақылау күшейтілді, сырттан келгендерге мониторинг жолға қойылды, қазақстандық азаматтарды эвакуациялау бойынша шаралар жүргізілді; медициналық ұйымдар дайындық жүргізді; жеке қорғаныс, профилактика және емдеу құралдарының қажетті қоры қалыптастырылды; ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілді және басқа да бірқатар шаралар қабылданды.

«Қазір COVID-19 бірінші толқынынан алған тәжірибені  ескере отырып, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі ЖРВИ маусымдық өршуіне және коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындалуда.Алайда, COVID-19 қарсы күрес әлі аяқталған жоқ. Біз бірігіп өңірлердегі коронавирус инфекциясының таралуын тоқтата алатынымызға сенімдімін.Осы жиынның қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер ұзақ мерзімді перспективаға, одан әрі сындарлы және жемісті серіктестікке негіз болады деп сенемін», - деді А.Цой.