Қазақстанның флагмандық клиникасы: 2025 жылы 8 000-нан астам операция, 426 жоғары технологиялық араласу, 40 444 диагностикалық зерттеу

Қазақстанның флагмандық клиникасы: 2025 жылы 8 000-нан астам операция, 426 жоғары технологиялық араласу, 40 444 диагностикалық зерттеу

А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы - Қазақстанның жетекші көпбейінді хирургиялық орталығы өткен жылдың қорытындысы бойынша өз жетістіктерімен бөліседі.

Орталықтың құрылымында ангиографиялық кешендермен және OR1 интеграцияланған эндоскопиялық жүйелермен жабдықталған 10 хирургиялық бөлімше және 14 заманауи операциялық блок жұмыс істейді.

2025 жылы 8000-нан астам операция жасалды, оның ішінде 426 жоғары технологиялық араласу, 40 444 диагностикалық зерттеулер және 21261 консультациялар жүргізілді.
Біз заманауи интервенциялық емшараларды және кардиоқұрылғыларды имплантаттауды пайдалана отырып, туа біткен және жүре пайда болған жүрек аурулары кезінде ашық және аз инвазивті эндоваскулярлық араласулар орындалатын дамыған жүрек-қан тамырлары хирургиясы бар Қазақстандағы жалғыз орталық болып табыламыз.

Енгізілген жаңа технологиялардың ішінде:

- ROTAPRO ротациялық атерэктомиясы;

  • перифериялық реваскуляризацияға арналған JETSTREAM эндоваскулярлық атерэктомиясы;
  • -MyVal (TAVI) қолқа қақпақшасын транскатетерлік имплантаттау;
  • -FARAPULSE импульстік далалық абляция.
    Онкологиялық хирургия белсенді дамып келеді — ГПБА және АІТ ағзаларында қатерсіз және қатерлі ісіктерде лимфодиссекциялармен түбегейлі операциялардың барлық түрлері, аз инвазивті әдістерден күрделі реконструктивті операцияларға дейін, соның ішінде лапароскопиялық бауыр резекциялары, лапароскопиялық гастропанкреатодуоденальды резекциялар, сондай-ақ бауыр эхинококкозы хирургиясы (PAIR), торакоскопиялық эзофагэктомия орыналады.
    Орталық қазіргі заманғы эндоскопиялық технологиялар, соның ішінде эндоУДЗ-диагностика, эзофагеальді манометрия, сондай-ақ POEM әдісімен кардия ахалазиясын эндоскопиялық емдеу - үлкен кесулерсіз және пациенттердің тез қалпына келуімен енгізілген және белсенді қолданылатын елдегі жалғыз орталық болып табылады.
    Елімізде алғаш рет 2025 жылы Орталық ағзаны сақтайтын емдеу әдістерін — ағзаны сақтай отырып, өт қабының тастары мен полиптерін ретроградтық эндоскопиялық алып тастауды енгізді, бұл пациенттердің өмір сүру сапасы үшін ерекше маңызды. Орталық - Қазақстандағы ағзаларды трансплантаттау көшбасшысы:
    -Үштік айқас трансплантаттауды қоса алғанда, 74 бүйректі трансплантаттау (63 туыстық, 11 мәйіт); 38 бауырды трансплантаттау (33 туыстық, 5 мәйіт);
    - өңірде алғаш рет бауырды сплит-трансплантаттау жасалды;
    Қазақстан Республикасында алғаш рет үш жұп донор мен реципиент қатысқан үштік бүйректі трансплантаттау жасалды.
    -инновациялық операциялар Өзбекстанда және Қазақстан өңірлерінде (Қызылорда, Түркістан) жүргізілді.
    Ұлттық хирургия ғылыми орталығы - бұл емхана ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел бойынша хирургияның дамуын қадағалайтын, мамандарды оқытатын және ТМККК және МӘМС шеңберінде жоғары технологиялық емдеуді қолжетімді ететін сараптамалық орталық.