ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ ЕМДЕУДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН НАРЫҚТЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ ЕМДЕУДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН НАРЫҚТЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН

Республиканың денсаулық сақтау саласының салық саясатында пациенттердің мүдделерін қорғауға және медициналық көмек жүйесінің тұрақтылығына бағытталған шешімдер іске асырылады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік заттар қосылған құн салығынан босатылды.

Ең алдымен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік заттар қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылғанын атап өткен жөн. Бұл шығындардың өсуін тежеуге және халық үшін емдеудің қолжетімділігін сақтауға мүмкіндік береді.

Дәрілік заттардың кең тізбесі - 3000-нан астам атау, соның ішінде орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған препараттар ҚҚС-тан босатылды. Дәрілердің бұл санатына оларды сату арнасына қарамастан салық салынбайды.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат нарық үшін ашық және түсінікті қағидаларды қамтамасыз ете отырып, негізгі әлеуметтік маңызды бағыттар қорғалатындай етіп құрылған.

Коммерциялық сегментте ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесін кезең-кезеңімен қолдану көзделген: 2026 жылдан бастап — 5%, 2027 жылдан бастап-10%. Бұл шешім фармацевтикалық нарықтың тұрақтылығын сақтау және бағаның күрт өсуіне жол бермеу қажеттілігін ескере отырып қабылданды.

Сонымен қатар, дәрілік заттардың құнын тежеу жұмыстары жалғасуда. Бөлшек сауда желісіндегі шекті бағаларды реттеу нәтижесінде бірқатар позициялар бойынша препараттардың құны орта есеппен 26%-ға төмендеді. Бағаның сақталуын бақылау басымдық болып қала береді.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің қолжетімділігі, пациенттердің мүдделері және саланың тұрақты дамуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін бизнес қауымдастығымен және бейіндік ведомстволармен тұрақты жүйелі диалог жүргізеді.