ҰШМҮО ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ: РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША 2025 ЖЫЛЫ 53 МЫҢНАН АСТАМ ПАЦИЕНТ ЕМДЕЛДІ

ҰШМҮО ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ: РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША 2025 ЖЫЛЫ 53 МЫҢНАН АСТАМ ПАЦИЕНТ ЕМДЕЛДІ

РИПЖҮО — Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының бірегей құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол ұйымдастырушылық-әдістемелік, клиникалық, ғылыми және білім беру қызметтерін біріктіреді.

РИПЖҮО-ны құрудың мақсаты — инсультпен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және Қазақстан Республикасындағы инсульт қызметін үйлестіру.

Статистика:
• 2025 жыл — еліміздің медициналық ұйымдарында 53 164 ЖМКБ жағдайы емделді
• 2024 жыл — еліміздің медициналық ұйымдарында 49 075 ЖМКБ жағдайы емделді

Инсульт құрылымы:
2025 жыл:
▪️ геморрагиялық инсульт — 10 290 жағдай (ҚР бойынша)
▪️ ишемиялық инсульт — 41 93 жағдай (ҚР бойынша)
2024 жыл:
▪️ геморрагиялық инсульт — 9 923 жағдай (ҚР бойынша)
▪️ ишемиялық инсульт — 38 247 жағдай (ҚР бойынша)

2023 жылдан бастап ҰШМҮО базасында Бірыңғай консультациялық-инсульт орталығы жұмыс істейді, онда консультацияларды эксперт дәрежесіндегі дәрігерлер өткізеді:
невролог, нейрохирург, анестезиолог-реаниматолог.