
Өткен жылы Біліктілікті арттыру жылы шеңберінде МСАК ұйымдарының мамандары 1 165 мейіргер мен 553 жалпы практика дәрігерін оқытудан өтті. Бағдарламаларға бір маманға төрт модуль кірді.
Жоғары оқу орындары мен колледждердің 1 108 оқытушысын оқыту маңызды нәтиже болды, бұл қазіргі заманғы даярлық стандарттарының тұрақты таралымын қамтамасыз етеді.
2025 жылы оқытудың басым бағыттары:
- кеңейтілген практика мейіргерлерін даярлау — 173;
- медициналық ұйымдарды аккредиттеу — 213;
- пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру-69;
- созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын енгізу - 5 өңірде 203 маман;
- заманауи симуляциялық технологияларды қолдану-12 өңірден 553 маман.
Бұл іс-шараларды іске асыру мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес келеді, кадрлық әлеуетті нығайтады, мамандардың тапшылығын азайтады және медициналық көмектің сапасын, әсіресе шалғай өңірлерде арттырады.