ҚАЗАҚСТАННЫҢ 126 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМЫНДА ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕЛЕРІ ЕНГІЗІЛДІ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК ШАМАМЕН 1 МЛРД ТЕҢГЕ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 126 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМЫНДА ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕЛЕРІ ЕНГІЗІЛДІ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК ШАМАМЕН 1 МЛРД ТЕҢГЕ

Қазақстанда дәрілік қамтамасыз етудің тиімділігін арттырудың маңызды құралы ретінде клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшелерін кезең-кезеңімен енгізу жалғасуда.

2023-2024 жылдары 19 медициналық ұйым жұмысының қорытындысы бойынша клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшелері қызметінің экономикалық тиімділігі емдеу схемаларын оңтайландыру, полипрагмазияны төмендету және дербестендірілген фармакотерапияны енгізудің есебінен шамамен 1 млрд теңгені құрады.

2025 жылы госпитальдық фармацияның 49 жаңа бөлімшесі ашылды. Бұрын жұмыс істеп тұрған бөлімшелерді ескере отырып, олардың жалпы саны республика бойынша 126-ға жетті.

Бөлімшелердің жұмысы:

дәрілік заттардың дербестендірілген есебін енгізуге;

фармакотерапияның сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға;

шығындарды оңтайландыруға; 

терапияның тиімділігін бақылаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға бағытталған.