ЕЛОРДА – ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНА МЕН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТОҒЫСҚАН МЕГАПОЛИС

ЕЛОРДА – ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНА МЕН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТОҒЫСҚАН МЕГАПОЛИС

Бүгінде Астана қаласында 1,7 миллионнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетіліп, денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше назар аударылуда.

Осы бағытта медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, кадр әлеуетін күшейту және цифрлық шешімдерді енгізу бойынша бірқатар бастамалар жүзеге асырылды.

4 емхана объекті іске қосылды.

Нұрлы жол вокзалы ауданында жаңа жеке емхана ашылды.

Екі ауруханада ауқымды жөндеу жұмыстары жасалды. Оның бірі — көп жылдар бойы медициналық көмек көрсетіп келе жатқан №3 көпбейінді аурухананың ескі ғимараты.

Қабылдау-диагностикалық кешені ашылды

Перинаталдық орталықтың құрылысы басталды

300 орындық жатақхана салынуда

Келесі жылы жаңа көпбейінді аурухана, Есіл және Нұра аудандарында екі емхана, сондай-ақ Есіл ауданында балаларға арналған травматологиялық корпус құрылатын болады.

Осы жылы 276 медициналық жабдық сатып алынды.

Жедел жәрдем автокөліктері сатып алынып, автотұрақ толық 100%-ға қамтылды.

Резидентураға 72 грант бөлінді.

45 маман жұмысқа орналастырылды.

5 мемлекеттік мектепте стоматология кабинеттері, сондай-ақ №1 қалалық көпбейінді аурухана базасында балалар стоматологиясы жұмысын бастады.

Акушерлік-гинекологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін Ситуациялық орталық құрылды.