ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ 60%-ДАН АСТАМЫ ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ 60%-ДАН АСТАМЫ ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Соңғы жылдары өңірлердегі медициналық ұйымдардың медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тетігі ретінде ұлттық аккредиттеуден өтуге деген қызығушылығының тұрақты өсуі байқалады.

Бүгінгі таңда еліміздің 752 медициналық ұйымы аккредиттеу мәртебесіне ие, бұл аккредиттеуге жататын ұйымдардың жалпы санының 57,9%-ын құрайды. Салыстыру үшін, 2024 жылы бұл көрсеткіш 557 медициналық ұйымды, ал 2023 жылы 447 медициналық ұйымды құрады.

Аккредиттеуден өтуді ынталандырудың маңызды факторы медициналық қызметтерді сатып алу кезінде ұзақ мерзімді шарттарды енгізу болды, мұнда негізгі өлшемшарттардың бірі болып аккредиттеудің бірінші немесе жоғары санатының болуы табылады. Бұл тәсіл бір мезгілде медициналық көмектің сапасын арттыруға және медициналық ұйымдар үшін ашық және тең жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Медициналық ұйымдардың тартылуын арттыру мақсатында стоматологиялық көмек көрсететін ұйымдар үшін аккредиттеудің жаңа стандарты әзірленді.

2026 жылы бейінді медициналық ұйымдар — гемодиализ орталықтары, психикалық денсаулық орталықтары, фтизиопульмонология орталықтары және басқа да мамандандырылған мекемелер үшін аккредиттеу стандарттарын әзірлеуді қоса алғанда, әдіснамалық жұмысты жалғастыру жоспарлануда.
2026 жылға арналған басты мақсат республиканың медициналық ұйымдарының 60%-ын ұлттық аккредиттеумен қамту болып табылады. Бұл көрсеткішке қол жеткізу халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттырудағы маңызды қадам болады.

Ұлттық аккредиттеу жүйесін дамыту денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.