
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты «Кардиохирургия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша резидентура бағдарламасының халықаралық аккредиттеуден өтті. Аккредиттеутуралы куәлікті Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуразиялық аккредиттеу орталығы (ЕАО) табыстады. ЕАО Аккредиттеу кеңесі бағдарламаның жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру стандарттарына сәйкестігін растады. Куәлік 5 жыл мерзімге берілді.
Сарапшылар институттың инфрақұрылымымен және материалдық-техникалық жабдықталуымен, кадрлық құрамымен, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуімен, білім беру процесінің ақпараттық ресурстарымен, сондай-ақ компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз етілуімен танысты.
Оқытушылардың құзыреттілігіне, резиденттердің клиникалық даярлығының сапасына баға берілді. Клиникалық базалардың резиденттердің оқу процесін толық қамтамасыз етуге барлық мүмкіндіктері бар екені атап өтілді. Институттың Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, институттың білім беру қызметі Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға бағытталған. Институтта білім алушылардың барлық санаттарын даярлау және қайта даярлау үшін қажетті барлық мүмкіндіктер бар. Профессор-оқытушылар құрамының кадрлық әлеуетінің жоғары деңгейі – институттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі.
Сарапшылар жұмыс берушілермен және резидентура тыңдаушыларымен сұхбат жүргізіп,институттың білім беру бағдарламалары бойынша даярлық сапасына және білім алушылардың кәсіби білім алу деңгейіне жоғары баға берді. Жұмыс берушілердің пікірінше, институт резидентурасының түлектері теориялық және практикалық білімдері мен дағдыларының жоғары деңгейін көрсетеді. Түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші жыл сайын 100 пайызды құрайды.
Дәрігердің кәсіби қызметінің табыстылығы көп жағдайда оқу кезеңінде резидент жұмыс істейтін клиникалық бөлімшелерінің ұжымдарындағы қолайлы ахуалға байланысты. Білім беру бағдарламаларын іске асыру кәсіби білім алуға және білім алушының еңбек қызметіне дайын болуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі