ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІҢ 148 МЛРД ТЕҢГЕСІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫН САЛУҒА ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІҢ 148 МЛРД ТЕҢГЕСІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫН САЛУҒА ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтерден қалыптастырылған арнаулы мемлекеттік қор қаражатының есебінен денсаулық сақтау саласындағы ауқымды жобалар іске асырылуда. Қаражат алғашқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын, көпбейінді ауруханаларды, мамандандырылған орталықтарды және шұғыл медициналық көмек инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталған.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында атап өткендей, арнаулы мемлекеттік қор қаражатының есебінен 482 млрд теңгеге 434 әлеуметтік және коммуналдық нысандардың, оның ішінде 183 медициналық нысанның құрылысы аяқталып, жалғасуда.

2024 жылдан бастап денсаулық сақтау нысандарын салуға және жаңғыртуға Арнайы мемлекетті қордың қаражатынан 148,3 млрд теңге: 2024 жылы – 66,3 млрд теңге, 2025 жылы – 82 млрд теңге бағытталды.

Бұдан басқа, 2023-2025 жылдары МСАК нысандарының құрылысына 119,4 млрд теңге, оның ішінде 2025 жылы МСАК-тың 145 нысанын аяқтауға МСАК-тан 16,9 млрд теңге бағытталды.

2024 жылы Арнайы мемлекеттік қор қаражатының есебінен Риддер қаласында көп бейінді аурухана (28,1 млрд теңге), Өскемен қаласында Гематология орталығының (33,6 млрд теңге) және Ақтау қаласында жедел медициналық жәрдем станциясының (4,6 млрд теңге) құрылысы сияқты ірі жобалар қаржыландырылды.

2025 жылы Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты мынадай жобаларға:

69,8 млрд теңге – «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде: еліміздің 10 өңірінде 145 МСАК нысанының құрылысы аяқталды, сондай-ақ 30 ауданаралық орталық аудандық ауруханаларды қайта құру және күрделі жөндеу қаржыландырылды;

6,7 млрд теңге-Қарағандыда онкодиспансердің операциялық-реанимациялық блогын толықтыруды аяқтауға, сондай-ақ Қостанай облысында дәрігерлік амбулатория салуға;

5,5 млрд теңге – Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасын реконструкциялауға және Жетісу облысындағы Кербұлақ ОАА ғимараттарын сейсмикалық күшейтуге бағытталды.

Шығыс Қазақстан облысында қайтарылған активтердің есебінен 2025 жылы Риддер қаласында көпбейінді аурухана кешенінің құрылысы аяқталды.

Риддердегі жаңа қалалық аурухана 50 мыңнан астам халқы бар моноқала үшін маңызды әлеуметтік нысанға айналды. Бұл 200 төсектік стационары және ауысымына 500 адам қабылдайтын емханасы бар, жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған заманауи көпбейінді кешен. Аурухана пациенттерді облыс орталығына жібермей, жергілікті жерде мамандандырылған және шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жоба мемлекет меншігіне қайтарылған қаражаттың есебінен жүзеге асырылды және іс жүзінде қала тұрғындары үшін көптен күткен және маңызды әлеуметтік нысанға айналды.

Өскемендегі Гематология орталығы - өңірдегі ең ірі және технологиялық медициналық жобалардың бірі. Оның құрылысына Арнайы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бағытталды. Орталыққа 148 орындық стационар және 24 төсектік пациенттерге арналған қонақ үй кіреді, гематология, кардиология, кардиохирургия, трансплантология және жоғары технологиялық диагностика үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жоба тек емдеуді ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуді де қарастырады. Кешеннің жалпы құны 83 млрд теңгені құрайды.

Ақтау қаласында қуаттылығы жылына 100 мыңға дейін шығатын облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының құрылысы аяқталуда. Жоба Президенттің тапсырмалары шеңберінде арнаулы мемлекеттік қордан 4,6 млрд теңге есебінен іске асырылуда. Станция санитариялық көлікке арналған оқу-симуляциялық орталықты, жөндеу және жуу базасын қамтиды және өңірдегі шұғыл медициналық көмек жүйесінің тиімділігін арттырудың маңызды элементі болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі