ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қалада тұрғындардың денсаулығын қорғау мен медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар атқарылуда. Дәрігерлердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп, шетелдік клиникаларда оқыту, менторлық мастер-класстар ұйымдастырылды. 2025 жылға бұл мақсаттарға 381,8 млн теңге бөлінді.

2025 жылы:

 1 жүрек, 17 бүйрек трансплантациясы

1 140 жоғары технологиялық ота

 350+ кардиохирургиялық, 100+ нейрохирургиялық ота жасалды

Қалалық клиникалық балалар ауруханасында Балалар кардиохирургиясы, перзентханада Бір күндік клиника және Неонаталды хирургия бөлімшелері ашылды. Онкология орталығында елімізде алғаш рет күрделі ота сәтті жасалды. Медициналық инфрақұрылым жаңарып, 2 аурухана күрделі жөндеуден өтті, жедел жәрдемге 40 жаңа автокөлік алынды. Жабдықталу деңгейі 90%-ға жетті. Жасанды интеллект негізіндегі PACS Systems, Cerebra, Puls AI жүйелері енгізілуде. Дәрі-дәрмекпен қамту мен госпитальды фармация нәтижесінде 200 млн теңгеден астам қаржы үнемделді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі