МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУМЕН +1 МЛН ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ АЗАМАТТАРДЫ ҚАМТУДЫ КЕҢЕЙТУ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУМЕН +1 МЛН ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ АЗАМАТТАРДЫ ҚАМТУДЫ КЕҢЕЙТУ

 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесі жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қосымша әлеуметтік әл-ауқатының дағдарысты және шұғыл деңгейі бар (Д және Е санаттары) шамамен 1 млн азаматты қамтитын болады. Бұл ел халқының тағы 5%-ы үшін жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұрын хабарланғандай, азаматтардың осы санаттары үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдар медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша төлейтін болады. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттерге ресми тіркелген жұмыссыздар үшін жарналарды төлеу бойынша шығыстар жүктеледі (қазір мемлекет республикалық бюджеттен жұмыссыздар үшін жарналар төлейді).