АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ: 646 ЖАҢА БАСТАПҚЫ МЕДИЦИНА НЫСАНЫ САЛЫНДЫ

АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ: 646 ЖАҢА БАСТАПҚЫ МЕДИЦИНА НЫСАНЫ САЛЫНДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аяқталуға жақын.

Жоспарланған 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының ішінен:

646 нысан қазірдің өзінде салынған,
99 – 2023 жылы,
361 - 2024 жылы,
186 - 2025 жылы салынды.

Жобаны іске асыру 1 млн-ға жуық ауыл тұрғындарын медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен қосымша қамтуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, 32 аудандық аурухана көп бейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейіне дейін жаңғыртылуда. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 10 нысан бойынша аяқталды, жобаның толық аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.


Күтілетін әсер:

инсульт пен инфаркт кезінде «алтын сағатқа» көмек көрсету;
жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімнің 20%-ға төмендеуі;
4 миллионнан астам ауыл тұрғындары үшін жоғары технологиялық көмекке қол жеткізу болып табылады.