ДДҰ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР ШЫҒАРДЫ

ДДҰ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР ШЫҒАРДЫ

Қазақстанда ата-аналарды қолдау бойынша LEGO қорының жобасы шеңберінде әзірленген ата-аналарға арналған ақпараттық буклеттер пакеті шығарылды.

Материалдарды ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп дайындаған және ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі қалта анықтамалығының ұсынымдарына негізделген.

Жалпы таралымы 540 000 дана болады. Буклеттер барлық өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына жеткізіліп, кейіннен баланың ерте даму орталықтарына таратылады. Материалдар орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді.

Буклеттер қысқа және ыңғайлы форматта жасалған: олар баланың жасына сәйкес келеді, ата-аналарға түсінікті және оларды МСАК мамандары тікелей консультациялар кезінде пайдалана алады.

Пакетке үш негізгі жас бағыты бойынша материалдар кіреді:
 «Өмірдің алғашқы жылдары: Даму, ұйқы және вакцинациялау» (0-3 жас)

Ойын және қарым-қатынас арқылы ерте даму, қамқорлық пен сүйіспеншілікпен тәрбиелеу, тыныш ұйқыны қалыптастыру, вакцинация мәселелері және вакцинациядан кейін балаға күтім жасау бойынша ұсынымдар.

 «Ерте шақтағы балалардың дұрыс тамақтануы және белсенділігі»

0-6 айлық ана сүтімен қоректендіру және тамақтану, қосымша тағамдарды енгізу (не, қашан және қалай), тамақтану қауіпсіздігі, жасына байланысты тамақтану, стоматологиялық күтім, жақсы әдеттерді қалыптастыру, физикалық белсенділік, экран уақытын шектеу, ана сүтімен қоректену және сақтау.

 «Балаларыңызды қалай сау ұстауға болады?» (5-17 жас)

Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы мен жағдайы, дұрыс тамақтану қағидаттары, тұзды, қантты және өңделген тағамдарды тұтынуды азайту және физикалық белсенділік пен отырықшы өмір салтын азайту бойынша ұсынымдар, соның ішінде гаджеттерді пайдалану ережелері.

Буклеттер практикалық жұмыс құралы ретінде қарастырылады: олар МСАК мамандарына ата-аналарға нақты және түсінікті ұсынымдар беруге көмектеседі, ал отбасыларға оларды күнделікті өмірде, баланың өмірінің алғашқы айларынан бастап жасөспірімге дейін дәйекті түрде қолдануға көмектеседі.