
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әуежайларға іргелес аумақтар үшін санитариялық нормаларды жаңартуды бастамалап отыр. Өзгерістер авиациялық қызметтің шу, шығарындылар және басқа да факторларының әсерін төмендетуге, сондай-ақ халық үшін қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыруға бағытталған.
Бұйрық жобасының шеңберінде мыналар көзделген:
әуежай инфрақұрылымы объектілерінің айналасындағы санитариялық-қорғау аймақтарын нақтылау;
әуе кемелерінің ұшып көтерілуі мен қонуы маршруттары бойында пайдалану шарттары ерекше аумақтарды енгізу;
денсаулыққа және қоршаған ортаға әсер ету деңгейлерін ескере отырып, тұрғын және әлеуметтік объектілердің құрылысын реттеу.
Түзетулер халықаралық стандарттарды, оның ішінде ИКАО талаптарын ескере отырып әзірленді және ұлттық нормаларды авиациялық және санитариялық қауіпсіздіктің заманауи тәсілдеріне сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
НҚА жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды, онда әрбір азамат құжатпен танысып, өз ұсыныстарын енгізе алады.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15712645
Қоғамдық талқылау 2025 жылғы 23 желтоқсанға дейін жүргізіледі.