
Мастер-класс шеңберінде «Митраль жеткіліксіздігін транскатетерлік емдеудің заманауи тәсілдері. Dragonfly
» жүйесі Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-дың интервенциялық кардиологтары мен халықаралық мамандар операция жүргізе отырып, жоғары хирургиялық қауіпі: айқын митраль жеткіліксіздігі және қосалқы аурулары: кернеу стенокардиясы, 1-дәрежелі артериялық гипертониясы, инсулинге тәуелді қант диабеті, диабеттік полиневропатиясы бар 71 жастағы пациенттің митраль қақпақшасының функцияларын қалпына келтірді.
Пациент миокард инфарктісімен ауырды. Оны жүректің тез соғуы, жүректің тоқтап қалуы, жаттығу кезінде ентігу, аяқтың ісінуі, жалпы әлсіздік, шаршау мазалады.
«Біз клиникалық тәжірибеге жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің заманауи, ғылыми негізделген әдістерін енгізуге тырысамыз. Бұл технология қосалқы аурулардың болуына және операциядан кейінгі асқынулардың даму қаупінің жоғары болуына байланысты «ашық» операцияға жарамсыз пациенттердің арасында жетекші еуропалық клиникаларда өзін дәлелдеді»,
– дейді басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.
Митраль қақпақшасын транскатетерлік қалпына келтірудің заманауи технологиялары бойынша Мастер-класс Dragonfly
инновациялық жүйесін қолдануға бағытталған. Бұл Қытайдағы «дәлме-дәл» (TEER) митраль қақпақшасын транскатетерлік қайта құруға арналған алғашқы құрылғы және митраль қақпақшасының жеткіліксіздігін емдеудің ең клиникалық зерттелген интервенциялық әдісі.
Рентгенэндоваскулярлық операциялық блоктың меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, TEER терапиясы жоғары хирургиялық қауіпті пациенттерде митраль қақпақшасының жұмысын қалпына келтірудің халықаралық стандарты болып табылады.
Dragonfly
жүйесін пайдалану митраль жеткіліксіздігін емдеудің ең аз инвазивті әдістерінің қолжетімділігін арттыра отырып, Қазақстанда интервенциялық кардиологияны одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Операция сәтті өтті. Пациент өзін жақсы сезінеді.