ИРАН ПРЕЗИДЕНТІ ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

ИРАН ПРЕЗИДЕНТІ ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Иран Ислам Республикасының Президенті, доктор Масуд Пезешкиан University Medical Center (UMC) Жүрек орталығына барды.

Мәртебелі мейманға орталық жұмысын Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаева таныстырды.

Әлемге танымал беделді кардиохирургтардың бірі ретінде Иран Президенті қазақстандық әріптестерінің жұмысын көрді. Аида Балаевамен әңгіме барысында медицина саласының әртүрлі бағыттарында, соның ішінде кәсіби білім беру бойынша ықтимал бірлескен жобалардың кең ауқымы талқыланды.

«Астана медициналық университетінің» профессор-оқытушылар құрамымен, дәрігерлермен және студенттермен өткен кездесу соңында Иран Президентіне Құрметті профессор атағы берілді.